Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада су басқан көшеде қайықпен жүрген екі жігіт жазаланды

Астанада нөсер жаңбыр салдарынан су басқан көшеде қайықпен жүзгендер жазаланды.

Бұған дейін елорда көшесін су алып, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көліктің жүруі қиындап кеткенін хабарлаған едік.

Желіде тараған видеолардың бірінде үлкен көшелердің бірін су басып, көлік қозғалысы қиындағаны байқалады.

Даңғыл бойында үрлеме қайықпен жүзіп жүрген екі жігіттің видеосы желіде тарап кетті.

Полицейлер екі жігіттің бұл әрекетін бұзақылық деп танып, жауапқа тартты. Екі жігіттің әрқайсысына 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды.

Как же скучно Я живу 😂 #астана #astana

Публикация от Недвижимость АСТАНА 🇰🇿 (@zhivem_v_astane)

Өз кезегінде қалалық мониторинг және шұғыл жауап орталығының өкілі Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді.

Синоптиктер алдағы үш күн бойы Астанада тағы жаңбыр жауатынын ескертті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау