Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ташкентте өтен бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне пәтер кілттін табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

пәтер

Әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай Астанадағы үш бөлмелі пәтер иелері атанды. 

“Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайалтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық”, – деп жазды әкім. 

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек жеңістің артында спортшылардың үздіксіз дайындығы жатқанын атап өтті.

“Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!” – деп қосты ол. 

Талқылау