Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 500 мың, өзге өңірлерде 130 мың теңге: Неліктен ҰОС қатысушыларына берілетін төлем әртүрлі? (видео)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев неліктен ҰОС қатысушыларына бөлінген төлемнің мөлшері әртүрлі екенін түсіндірді. Оның сөзінше, бұл әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналист Бердібек Сапарбаевтан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына бөлінген төлемнің әр өңірдегі мөлшері неліктен әртүрлі екенін сұрады.

«Астана әкімдігі жарты миллион теңге төлейді. Ал өзге өңірлерде 120-130 мыңнан береді. Мұндай айырмашылықтың себебі неде?» - дейді журналист. 

Министр өз жауабында төлемнің мөлшері әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты екенін атап өтті. 

«Бұл әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты. Біз, министрлік ретінде, әр өңірге жолдаған ұсынысымызда ҰОС қатысушылары мен соған теңестірілген санаттағы адамдардың әрқайсына көрсетілетін орташа көмек кемінде 300 мың теңге болуы керек екенін көрсеттік», - дейді Сапарбаев.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев өңірлердегі әкімдіктермен жұмыс істеп, төлемнің мөлшерін 300 мың теңгеге жеткізетінін айтты.


 

Талқылау