Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 21 мың теңге жәрдемақыны алуға асыққан аналар жұмыспен қамту орталығына ағылып, сағаттап кезекте тұрды

Астанада көпбалалы аналар халықты жұмыспен қамту орталығына ағылуда. Бүгінде орталық қызметкерлері қауырт жұмыс істеуде, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада 21 мың теңге жәрдемақыны алуға асыққан аналар жұмыспен қамту орталығына ағылып, сағаттап кезекте тұрды

Жұмыспен қамту орталығына барған әйелдер мемлекет басшысы уәде еткен ұлғайтылған материалдық көмекті рәсімдеуін талап етуде. Адамдар мамандардан кеңес алу үшін сағаттап кезекте тұрды. Орталықта бір кеңес беруші маманған орташа есеппен 80 адамнан келеді. 

«Әр адамның өз мәселесі бар. Толыққанды кеңес беру үшін мәліметтер базасынан қарап, кеңес беруіміз керек», - дейді елордадағы жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасапы Данияр Нұрпейісов.

Келушілердің саны көп болғандықтан, орталық басшысы да кеңес беру қызметіне кіріскен. Абай Баймолдинның сөзінше, баларға арналған жәрдемақы төлемінің құжаттарын қабылдау шілде айына таман, жаңа үкімет күшіне енгенде басталады. 

«Біздің Елбасының айтқан тапсырмасы шілде айында келеді. Сондықтани шілдеде шешіледі бұл мәселе. Ал, қазір біздің ескі ережелер бар. Сол ережелер бойынша келіп жатқан халықты әлеуметтік көмек бойынша қабылдаймыз», - дейді Абай Баймолдин.

4 наурыздан бастап жұмыспен қамту орталығында штатты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл көптеген келушіні қабылдауға мүмкіндік береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау