Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 200-ге жуық дүкен азық-түлік бағасын қолдан өсірген

Астана әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев қаладағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қолдан өсіргенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азық-түлік

Әкім орынбасарының сөзінше, 2023 жылы Астанада 500-ге жуық дүкен тексерілген. 

"Оның ішінде 198 дүкен тауарды үстеме бағамен сатып келген. Бізде сауда туралы заң бар, ол бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемеақы 15%-дан аспауы тиіс", – деді Ерлан Бекмырзаев астаналық кәсіпкерлермен кездесу барысында.

Қазіргі уақытта әкімдік сауда желілерімен белгіленген бағадан асырмау туралы меморандум жасасқан.

"Өкінішке орай меморандумға қаланың барлық сауда желілері қол қойған жоқ. Біз бұл жерде барлық тауар туралы айтып отырған жоқпыз. Бағаны көтермеу әлеуметтік маңызы бар 19 атаулы азық-түлікке қатысты. Сондықтан да шағын бизнесті, үй жанындағы дүкен иелерін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға және бағаны қолдан өсірмеуге шақырамыз", – деді ол.

Назархан Уән
Бейсенбі, 16 Ақпан, 2023 18:14