Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана соты азаптау фактісімен айыпталған ҰҚК қызметкерлерін қамауға алу туралы шешім шығарды

Астана соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлерін азаптау фактісі бойынша қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Аманова Е.И., Абдуғали Х.С., Сартаев Қ.Б.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот мәлімдемесінде.



Еске салайық, Семейде алтын рудасын ұрлау ісімен ұсталғандардың туыстарының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҰҚК қызметкерлеріне күдіктілерді бірнеше ай бойы азаптады деген айып тағылған.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 26 Қаңтар, 2023 13:03