Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Astana Mining & Metallurgy конгресінде «АрселорМиттал Теміртау» кеншілері мемлекеттік наградалармен марапатталды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ кеншілері XIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде Astana Mining & Metallurgy мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Төртінші рет өткізіліп жатқан AMM-2023-тегі көмір форумында осы салада еліміздің көмір кәсіпорындарының даму перспективалары, өнімдердің жаңа нарықтары, баға саясаты, көмірді өңдеу, тау-кен кәсіптерінің беделі және т.б тақырыптар қозғалды. 

"Жаңа энергетикалық парадигма жағдайында көмір өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері" форумына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің өкілдері,техникалық директор Андрей Белый, шахта жұмысшылары, кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттері, көмір өнеркәсібінің ардагерлері және басқарма төрағалары қатысты.

Форумның ерекше сәті тау-кен саласының лайықты өкілдерін марапаттау болды. "АрселорМиттал Теміртау" серіктестігінің көмір департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда Күзембаев атындағы шахтаның слесары Жеңіс Жарқымбаев пен "Тентекская" кеніші бас инженерінің туннельдеу жөніндегі орынбасары Павел Иванов үшінші дәрежелі "Шахтер даңқы" төсбелгісімен марапатталды.

Жеңіс Серікұлы 55-ші шахтада ұзақ жылдар еңбек еткен әкесінен үлгі алып, кенші болуды шешкен. "Шахтер даңқы" оның алғашқы марапаты болғандықтан өзі үшін ол ерекше құнды екен.

"Мен 26 жылдан бері слесарь болып жұмыс істеп келемін. Өз еңбегімді бағалаймын және мақтан тұтамын. Тау-кен орнындағы тас көмір таспалы конвейерлерге техникалық қызмет көрсетумен айналысамын. Маған төсбелгі берілетіні туралы естігенде мүлде сенбедім. Қателескен шығар деп ойладым. Сене алмадым, бұл күтпеген жаңалық болды. Алайда көп жылғы еңбегімнің бағаланғанына өте қуаныштымын!", - деді Жеңіс Серікұлы

Павел Иванов еңбек жолын 2006 жылы "Тентекская" шахтасының құрастыру-монтаждау учаскесінде слесарь болып бастаған. Көп жылдық табысты қызметінен кейін ол бас инженердің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Қазір тоннельдік бригадалардың жұмысын тиімді ұйымдастыру оның құзырында. 

"Жұмысты ұйымдастырған кезде біз қауіпсіздікке басты назар аударамыз. Қауіпсіздік - біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Жұмыстың қауіпсіз әрі өнімді болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Марапат компания басшылығының маған сенетінін көрсетеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Компанияның дамуына үлес қосу үшін қызметімді ары қарай атқара беремін", - деді Павел Иванов.