Астана маңындағы ірі өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды
Астанада қамыс пен қураған шөптің өртенуінен шыққан ірі өртті сөндіру жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Өрт сөндіру бойынша штаб құрылды.
Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қалалық әкімдік пен "Астана орманы" мекемесінің техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт сөндіруге Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы жұмылдырылды.
Тұрғын үйлер мен ормандарға қауіп төніп тұрған жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген