AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана күні қарсаңында Ақмола облысында 100-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады

Астана күні қарсаңында, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысының бірқатар өңірлерінде пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Бүгін облыс орталығының 30 отбасы мен Зеренді ауылының 36 отбасы кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап салынған жаңа үйлерден пәтер кілттерін алды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалықтарды қуанышты оқиғамен құттықтады.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында сіздермен бірге осы тамаша оқиғаның  – біздің тұрғындар көптен күткен жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау қуанышын бөліскеніме ризамын. Сіздерді қоныс тойымен құттықтаймын!", – деп атап өтті аймақ басшысы.

Гүлнар Қажымованың отбасы 2013 жылы жас отбасы санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тұрды.

"Бүгін біз үшін бақытты күн болды. Біз өз пәтерімізді алдық. Енді бізде өз ұямыз бар", – деп бөлісті Гүлнар Қажымова.

Айта кетейік, Зеренді ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Биыл Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама аясында тағы 17 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда.

Сондай-ақ жақында Есіл ауданының 32 отбасы аудан орталығында салынған көп қабатты үйде қоныстанды.

Сондай-ақ кадрларды орынға бекіту мақсатында медициналық қызметкерлер, білім беру саласының қызметкерлері және тұрғын үйлері апатты деп танылған тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы тұрғын үйге кезекте тұрды. Олар жаңа пәтерлерді аралап, олардың жағдайына жоспар құра бастады.

Айта кетейік, тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың соңғы төрт жылында өңірде 2 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, 17 мың отбасы жаңа қоныстанушылар атанды. "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары белсенді іске асырылуда.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр