Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ашылуына бардық". Гүлзира Айдарбекова талайды сан соқтырып кеткен туристік компанияға қатысты пікір білдірді

Қалың көпшілікті қажылыққа апарамыз деп сан соқтырып кеткен туристік компания дауға ілікті. Турфирма Алматы шаһарында ашылып, отандық шоу-бизнес өкілдері оның шашбауын көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап.

©instagram.com/gulziraaidarbekova

Қажылыққа апаратын компания қасиетті мекенге сапарды ұйымдастыру керек еді. Алайда адамдардың қаражатын жинап алып, уәдені үйіп-төккен туристік агенттік алаяқтықпен айналысатын болып шықты. Ал аталмыш турфирманың ашылу салтанатына қатысқан шоу-бизнес өкілдерінің ішінде хитмен Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, тележүргізуші Аша Матай, көпшілікке танымал блогер Мерей Абилова да бар. Кіші келіні Жібекті ерткен Гүлзира Айдарбекова туристік агенттіктің Алматыдағы ашылу салтанатына қатысып қана қоймай, қызыл лентасын қиған болатын.

Танымал продюсер дауға іліккен турфирмаға қатысты пікір білдірді.

“Қатты араласпаймын. Бірақ ашылуына бардық. Меккеге жібердік, жақсы барып-қайтты. Одан кейін де сіңлімді, жездемді сол компаниямен жіберемін деп ойлап жүргенмін. Ондай екенін білмеппін. Екі туып, бір қалғаным емес. Бұрыннан танысым емес", – деп жауап берді ол.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 15:13