Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай: Елорда күнін тойлауға қарсымын

«Арыс, біз сіздермен біргеміз» деп ұрандатып, зардап шеккен қала тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында аянып қалмаған Асхат Садырбай Астана күнін тойлауға қарсы. Бұл туралы тележүргізуші Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Асхат Садырбай: Елорда күнін тойлауға қарсымын

«Нұр-сұлтан күнін тойлауға жұмсалатын бюджеттің толықтай Арысқа аударылып, жұмсалуын мен де қолдаймын. Тіпті, ақша артық қалса бізде дамымай жатқан, жағдайы төмен ауылдар бар. Соларға бұру керек деп ойлаймын», - дейді Садырбай.

Осылай деген журналист жыл сайын елорданың туған күнін тойлауға жұмсалатын қаржының бекер мал шашпақ екенін де ашық айтты.

«Себебі жыл сайын дүркіреп өтетін концерт, мерекелік шаралардың барлығы ысырапшылдық. Бос концерттердің бізге түкке де қажеті жоқ. Өткізе ме, олардың шығынын демеушілер, әртүрлі компаниялар өздері қаржы бөліп өткізсін. Қазір халыққа концерт емес, хал-ахуалды жақсарту маңызды».

Еске сала кетсек, биыл елорда күнін мерекелеу шығыны үш есе қысқартылды. Сондай-ақ елорда күніне арналған мерекелік отшашудан бас тартылды. Арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет!  Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау