Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асап жеп қояды": Нұрлан Еспановты сүйіп алған актер жұртты күлкіге қарық қылды

Әбунасыр Серіков Нұрлан Еспановтың бетінен сүйіп алып, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Асап жеп қояды: Нұрлан Еспановты сүйіп алған актер жұртты күлкіге қарық қылды

Танымал актер Асан Пердешов жайлы сұхбат беріп тұрған Нұрлан Еспановтың жанына келіп, сөзін аяғына дейін тыңдап, бетінен сүйіп алған. Әбнасыр Серіковтың бұл қылығына Нұрлан Еспановтың өзі ыңғайсызданып қалып, күліп жіберді. Әншінің өзін мақтағанын көрген актер қатты қуанып кеткен сияқты.

"Әдемі концерт болайын деп тұр. Бірақ бәсекелестік жоқ. Мына кісілермен қалай бәсекелес боласың. Бұл кісілер асап жеп қояды ғой. Бұл кісілер өнердің арыстаны ғой. Сол себепті, бәсекелес бола алмаймыз", - дейді Нұрлан Еспанов.

Мұны көрген жұрт күлкіге қарық болған. Ер адамдардың бір-бірін сүйіп сұхбат бергенін көрген олар таңданыстарын жасыра алмай, жарыса пікір жазды. Осылайша өнер иелері жұрттың көңілін көтеріп жіберген. 

"Бетінен сүйіп алғандай-ақ", "Ой ішегім-ай", "Адамды күлкіден өлтірдіңдер", "Өнер иелері біраз қызық", "Нұрланның түрінің өзі күлкілі ғой", -  десті жұрт. 

Талқылау