Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Саин әуежайда қызметкерді ұрып жібермек болған көпбалалы ананың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әуежайда көпбалалы ананың Air Astana қызметкеріне тап беруіне қатысты пікір білдірді. Омбудсмен аталған оқиғаға араласып, мән-жайды анықтайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аружан Саин әуежайда қызметкерді ұрып жібермек болған көпбалалы ананың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Аружан Саин Facebook желісінде жариялаған жазбасында Шымкенттегі әуежайда болған жағдайға қатысты әуежай қызметкері Ирада Амановадан хат алғанын айтты. Омбудсмен әуе қызметкерін ұрып тастай жаздаған көпбалалы ана Бота Шынықұловадан егер балаларының құқығы бұзылған жағдайда, өзіне ресми хат жазып, нақты деректерді тізіп беруін сұрады. 

«Бұл маған прокуратура, құқық қорғау органдары, қамқоршылық органдарына жіберетін сауалға сіздің де сұрақтарыңызды қосуға мүмкіндік береді», - дейді Саин. 

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл ата-аналарды балаларымен бірге жүргенде мұқият болуға және өзін дұрыс ұстай білуге шақырды. 

«Ата-аналардан мұқият болуын сұраймын! Егер құжат ұрланса не жоғалса, полиция бөліміне барып, арыз жазып, анықтама алып, мекенжай бойынша тіркелген жеріңізге қарамастан, кез келген ХҚКО-ға баруыңыз керек. Ол жерде сізге 2 жұмыс күнінің ішінде уақытша құжат береді. 

Ал құжат бүлінген жағдайда, полицияға жүгінбей-ақ ХҚКО-ға барып, құжатты ауыстыруын немесе уақытша құжат беруін сұрау қажет. 

Сондай-ақ, ересектерден өзін дұрыс ұстай білуін сұраймын. Әсіресе, балалардың алдында. Себебі кез келген жанжал, айқай-шу, төбелес, суицид жасаймын деп қорқыту, өзін-өзі өртеу әрбір баланың психикасына теріс әсер етеді және нашар үлгі береді», - дейді омбудсмен. 

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының әуежайында әйел адам компания қызметкерін ұрып тастай жаздаған еді. Әйел балаларының бірінің туу туралы куәлігін ұмытып кеткен. Кейін қолында құжаты жоғына қарамастан, барлығын бортқа отырғызуды талап еткен. Әуе компаниясының қызметкері өз кезегінде бұлай істеуден бас тартады. Осы сәтте жүйкесі сыр берген жолаушы оны ұрып жібере жаздайды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...