Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Артыңды қыс": Нұрлан Албан қазіргі жастарды сынға алды

Нұрлан Албан қазіргі жастарды сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап. 

Артыңды қыс: Нұрлан Албан қазіргі жастарды сынға алды

Танымал өнер жұлдызы Нұрлан Албан қазіргі жастардың үлкен адамдардың сөзіне құлақ аспайтынын айтып ашынды. Өзі қатал тәрбиеде өскен әнші жастар ауыр сөз айтсақ, ерегісіп, одан арман жамандық жасайды деп отыр. Дегенмен, Нұрлан Албанның "Ньютон" тобындағы Нұрғисаға жүрегі жылып қалған.

"Біз өскен ортада бір ауыз сөзбен "Ей, артыңды қыс" дейді. Қыс десе, қысатынбыз. Ал қазіргі жастарға, артыңды қыс демек түгілі одан зорғысын айтсақ та, ерегес деген дүние бар. Нұрғисаға ішім жылып отырғаны болашақта екеуіміз дос болып кетсек, таңғалатын дүние емес. Оның сансы бар азамат", - дейді Нұрлан Албан. 

Нұрлан Албанның Нұрғисаны жанына жақын тартқаны соншалық, "артыңды қыс" деген сөзді айтуға жасым да, жолым да бар, өйткені мен әкесі сияқтымын дейді ол. 

"Мен жасымның үлкендігін пайдаланып, бұл сөзді айта аламын. Өйткені Нұрғисаның әкесі мен шешесі менімен қатарлас азаматтар. Нұрғиса менің де ұлым, ал менің ұлыма артыңды қыс деп айтуға құқығым бар", - дейді Нұрлан Албан. 

Талқылау