Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Нұр-Сұлтан қаласында 44 жастағы ер адам көппәтерлі үйдің 12-қабатынан құлап кетті. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Stan.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция мәліметінше, ер адам қаладағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйдің 12-қабатынан құлап кеткен.

«Ер адамның Қошқарбаев көшесіндегі үйдің подъезінің балконынан құлап кетуі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - дейді елордалық ПД-ның баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

Today.kz мәліметінше, көз жұмған ер адам Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің қызметкері болған. 

BaigeNews.kz мәліметінше, марқұмның артында үш баласы қалды.

«Ол шамамен 20 жыл Шекара қызметінде жұмыс істеген. Әскери дәрігер болып, подполковник шеніне дейін жеткен. Жұмысында тек жақсы қырынан көрінді. Болған оқиғаның мән-жайын білмейміз. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр», - дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Талқылау