Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Артық қылықтарымен қинап көрмеген": Айша сұлулығы үшін Бүркітке алғыс айтты

Айша сырты келбетінің сақталғаны үшін Бүркітке алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүркіттің жары Айша Анна Валентиновнаның сөздерін желіде жариялап, өзінің сұлу болып жүргенін күйеуінің еңбегі деп бағалаған. Жақсы ер адамның әйелі қандай болатынын түсіндіріп берген өнер иесі Бүркітті осылайша жер көкке сыйғызбай мақтады. Отбасындағы тыныштық пен сыйластық әйелдің келбетінен, мінезінен айқын байқалады дейді ол.

"Егер тұрмыс құрған әйелдің сырт келбеті әдемі болса, оның күйеуінің қолын алу керек. Бұл соның еңбегі. Өйткені ол әйелін артық қылықтарымен қинап көрмеген. Қара жұмыс істетпеген, міндет қоймаған, сын айтпаған, оған дауыс көтермеген. Демек, ол әйелін құшақтап, сүйіп, жақсы көрген. Мақтап, қиын шақтарында қолдау көрсетіп, жылы сөздер айтқан. Сондықтан оның әйелі сұлулығын сақтап қалған", деп жазды Айша.

Егер әйеліңіз сұлу болмаса, неге күлмейді, неге мұңды, неліктен ашулы деп ойласаңыз, өзгеруді әуелі өзіңізден бастағаныңыз дұрыс дейді ол. 

"Жақсы ердің әйелі сұлу, нәзік болып, күліп отыра береді. Үй шаруасын сабырмен жасап, кешке күйеуімен қыдырып, оның бар жағдайын жасап қояды", - дейді Айша.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр