Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Темиртау" цехінде 3 жұмысшы буға күйіп қалды

АрселорМиттал Теміртау шеберханаларының бірінде конвертерде жұмыс істеп жатқан кезде оқыс оқиға болды, төрт жұмысшы күйік алды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, апат №3 конвертерде жұмыс кезінде орын алды. Бу мен ыстық ауа салдарынан конвертердің төрт жұмысшысы термиялық күйік шалып, денесі көгеріп қалды. Олар Теміртау орталық ауруханасына жеткізілді.

«1970, 1972, 1988 жылы туған үш ер адам күйіп қалды, тағы біреуінің денесі көгерген», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Көмек көрсетілгеннен кейін екі науқас (біреуі күйіп, екіншісі көгерген) амбулаториялық емдеуге жіберілді. Екі және үш дәрежелі күйік алған екеуі профессор Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бұл ақпаратты компания өкілдері де растады.

«Мемлекеттік органдарға болған оқиғалар туралы дер кезінде хабарланды. Апат тергеліп жатыр», - деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Алексей Агуреев.

Талқылау