Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыс жабдықтарын жаңғыртуды жалғастыруда

Барлығын көру мүмкіндігі бар жаңа кабинаның орнатылуы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ секциялық прокат цехындағы краншылардың жұмыс жағдайын жақсартты. Жобаны қарағандылық компания – "АСЭП" жүзеге асырған.

Арселор кран

№2 көпірлі электромагниттік краны СПК-ның негізгі технологиялық көтеру механизмі болып саналады. Осы кранның көмегімен блум дайындамалар түсіріліп, жылыту пештеріне беріледі, ал дайын өнімдер вагондарға тиеледі. Ұзын өнімдердің тұрақты шығуы краншылардың дұрыс басқаруына байланысты. Жаңа үлгідегі кабиналарды орнатқаннан кейін краншылардың жұмыс жағдайы айтарлықтай жақсарды.

"Бұрын кран машинистеріне жұмысты тұрып істеуге тура келетін, өйткені алдыңғы кабинаның көрінісі эргономикалық емес еді. Ал өзгерістен кейін кабина кеңірек және ыңғайлы бола түсті. Панорамалық терезелер жүргізушілерге ыңғайлы креслода отырып жүкті өңдеу механизмін көруге мүмкіндік береді. Бұл жұмысшылардың денсаулығына да пайдасын тигізеді", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ҒӨО ЖПМ жөндеу және техникалық қызмет көрсету учаскесінің басшысы Андрей Викторович Ялалов.

Андрей ЯлаловКабинаны қайта құру жобасын жүзеге асыруға ниет білдірген Қазақстан, Ресей және Беларусь компанияларының тізімінен компания жергілікті өндірушілерге – "АСЭП" арағандылық ұйымына артықшылық берді. 

"АСЭП" жұмысты соңына дейін аяқтады: компания мамандары жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірледі, электр жабдықтарын сатып алды, кабина дайындады, ескісін бөлшектеп, жаңасын орнатты. Қазір электр жабдықтарын сынаудың соңғы кезеңі жүріп жатыр, жақын арада мердігер компания кабинаға бейнебақылау орнатуға кіріседі. Бұдан бөлек компания бір жылдық кепілдік те берді", - деп атап өтті Андрей Викторович.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ секциялық прокат цехы қызметкерлерінің айтуынша, жайлы жағдай краншыларға мұқият болуға мүмкіндік береді әрі бұл жұмыс қауіпсіздігіне оң әсер етеді.

Жақын арада металлургиялық зауытта тағы 7 кран жаңғыртылады. Металлургиялық зауытта жобаны жүзеге асыру құны 2023 жылы 8 миллиард теңгеден асады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 11:39
Талқылау