"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлері "Шеберлер факультеті" атты жаңартылған бағдарламамен оқытылады
“АрселорМиттал Теміртау” тиімді көшбасшыларды дайындау жобасын 2017 жылдан бастап іске қосқан. Дегенмен қауіпсіздікке қойылатын талаптардың уақыт өте өзгеруі қызметкерді дамыту бағдарламасын жаңғыртуға негіз болып отыр.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский "Шеберлер факультеті" жобасы бойынша өзі білім алып, өзге қызметкерлердің де осындай жаңа білімді игеруі қажеттігін атап өтті.
“Аумақтағы сапалы өнім әрқайсымыздың қауіпсіз жұмыс еңбегімізге байланысты болмақ. Сондықтан қателесуден қорықпай, сауалдарыңызды көбірек жолдай беріңіздер. Біздің негізгі мақсат – әріптестермен бірге жұмыс барысында қажет болатын жаңа білім алу. Шығармашыл, еркін табанды болып, нағыз көшбасшыға айналу. Тек көшбасшылар компанияны алға сүйрейді. Бәріңізге сәттілік!” – деді Владимир Яблонский.
Компания басшыларының бұл кездесуге қатысуы қызметкерлерге күшті мотивация. Соған қарап бағдарламаның әрбір қатысушысы егер талпынса қандай мансаптық жетістіктерге қол жеткізе алатынын анық түсінеді.
Бүгінгі таңда топтық білім алу кез келген орта жұмысының ажырамас бөлігіне айналған. Ал топ мүшелерінің бірлігі көп жағдайда табыстың 50%-ын құрайды. Сондықтан дәл осы тұста басшы өзінің басқарушылық қасиеттерін көрсете алуы керек.
“Шеберлер факультеті” жобасы желілік менеджерлердің жұмысын жақсартуға, магистрлер резервін дайындауға және қатысушылар арасында басқарушылық, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
13 ақпанда алғашқылардың бірі болып компанияның 16 қызметкері жаңартылған бағдарлама бойынша оқуға кірісті. Жаңа бағдарламаны құрастыру кезінде бөлім басшылардың тілек-өтініштері ескерілді. Ал негізінен бағдарламаға кәсіпорынға қатысты тақырыптар енгізілген.
Сабақтар онлайн және офлайн режимінде өтеді. Жалпы оқу мерзімі 6 ай. Бірінші кезеңде 100-ге жуық адам “Шеберлер факультетінің” бағдарламасына қатысушы болады. Олар бес топқа бөлінеді.
Студенттер бұл бағдарлама жаңа білім алудан бөлек болашақта тиімді қолдануға үлкен мүмкіндік екенін айтады.
“Өзгерістерді өзіңен бастау керек. Сондықтан бүгін мен "Шеберлер факультетінің" бірінші тобындамын. Болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін командамен жұмыс істеу және қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша жаңа білім аламын деп ойлаймынй”, – деді Технология және сапа қызметінің техникалық бақылау орталығының қызметкері Зәуре Тілеулеева.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік