"АрселорМиттал Теміртау" АҚ cоңғы 5 жылда әлеуметтік саланы 202,7 млрд теңгеге қаржыландырған
Мемлекет басшысы ел дамуының бүгінгі бағытын нақты айқындап оның негізі әлеуметтік саясатты қайта құру екенін алға тарттын. Осыған орай 2023 жылдың басында үкімет деңгейінде әлеуметтік-еңбек саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық өзгерістер жоспары қабылданды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы да өз кезегінде әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асырып келеді.

Соңғы 5 жылда компанияның әлеуметтік салаға салған инвестициясы 202,7 млрд теңгені құраған.
“Бұл қаражатқа компанияның қызметкерлеріне арналған жобалар мен ұжымдық шарттың барлық тармақтарын сақтау кіреді. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері өндірістік және қаржылық қызмет нәтижелері бойынша сыйақы алады. Ана мен балаға, өндіріс ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания атаулы даталарда, кәсіби мерекелерде қызметкерлерді ынталандыруды ұмытпайды. Сондай-ақ, қызметкерлер біліктілігін арттырып, компания сұраған мамандықтар бойынша ақылы оқу демалыстарын пайдалануға, пайызсыз несие және материалдық көмек алуға мүмкіндік алды”,- деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский.
"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінде сонымен қатар еңбекті қорғау және денсаулық сақтау бойынша қосымша қолдау түрлері бар.
Қала игілігін де ұмытпайтын кәсіпорын “АрселорМиттал Теміртау” жергілікті қоғамдастықтың қолдауына ие. Тек соңғы 5 жылда қала тұрғындарының жылу мен электр энергиясының құнын субсидиялау 47 млрд теңгені құраған. Серіктестік қаражаты есебінен меморандум аясында Теміртау қаласында сауықтыру орталығы мен емхана салынды. Шахтинск қаласында 800 млн теңгеден астам сомаға қалалық мәдениет және демалыс саябағын кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Теміртауда балабақша құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Осы тұста денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Серіктестік демеушіліктің арқасында 86 дәрігер Теміртау қаласындағы жатақханадан пәтермен қамтамасыз етілді. Кәсіпорын барлық өңірлердегі емдеу мекемелеріне Pfizer вакциналарын сақтауға және тасымалдауға арналған мұздатқыштар мен жабдықтар сатып алып берген. Компания сонымен қатар білім беру саласына да елеулі үлес қосып отыр.
Ал Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуда кәсіпорын тиімді шараларды қолға алуда. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ сарапшылары 10 жылға ұзақ мерзімді стратегия дайындап, шығарындыларды азайту жұмысының негізгі бағыттарын белгіледі. Сонымен қатар, бүгінде компания Теміртау қаласының айналасында "Жасыл белдеу" құру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда.
Жалақы мәселесі де компания үшін өзекті. 2023 жылдың қаңтарынан бастап "Арселор Миттал Теміртау" АҚ және еншілес ұйымдарының қызметкерлері жалақысы 20,3%-ға өсті. Бұл ақшалай есептегенде жылына 30 млрд-тан астам қаражатты құрайды. Сондай-ақ компания еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтағаны үшін қызметкерлерге ай сайын 25 мың теңге көлемінде қосымша сыйақы береді. Энергетикалық цехтардың жұмысшылары энергетика саласындағы кәсіптердің беделін арттыру үшін 20% қосымша ақы алады.
"АрселорМиттал Теміртау" әрбір қызметкер, әрбір азамат үшін әлеуметтік жауапкершілік таныту табысты кәсіпорынның мызғымас бөлігі екеніне сенімді.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді