Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арнайы агенттік құрудың қажеті жоқ": Депутат Балиева кәсіпкер Рахымбаевқа жауап берді

Кәсіпкер Айдан Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева бастамасымен құрылайын деп жатқан Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттікті қолдамайтыны жөнінде пікірін білдірген еді. Өз кезегінде депутат аталған мәселеге қатысты мән-жайды ашып айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Арнайы агенттік құрудың қажеті жоқ». Депутат Балиева кәсіпкер Рахымбаевқа жауап берді

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Айтуынша, бұл шара алдағы уақытта қабылданатын Педагог мәртебесі туралы заң жобасының аясында жүзеге асырылмақ.

«Педагог мәртебесі туралы заң білім жүйесіндегі мәселелерді шешпек. Депуттар заңнан ұстаз бен оқушыға қатысы жоқ ұсыныстарды алып тастау мәселесін көтердік, міне, соның ішінде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құру мәселесі бар. Ал, бала асырап алу мәселесін елімізде тек сот шешеді. Ол іс бір ізге салынған, ол үшін арнайы агенттік құрудың қажеті жоқ», - деді Зағипа Балиева. 

Сондай-ақ, депутат жетімдер үйіне көмектесіп жүрген біршама үкіметтік емес ұйымдар барын және оған кез-келген адам мүше бола алатындығы туралы пікір білдірді. 

Талқылау