Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда армениялық нөмірі бар көліктерді сатуға тыйым салынды

Әкімшік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев Алматыда армениялық нөмірі бар көліктерді тіркеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Ол сары нөмірлі көліктерді сатуға тыйым салынғанын атап айтты. 

"Басқа да азаматтар мұндай көліктерді сенімхат арқылы немесе сақтандыру полисі арқылы көлікті басқара алады. Десек те мұндай көліктерді ешкім сата алмайды", - деді басқарма басшысы. 

Егер жүргізуші тіркелген армян көлігін сатқысы келсе, онда ол былай істеуі керек:

Мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, өзінің армяниялық көлік нөмірі мен техникалық байқаудан өткен туралы құжатын кері қайтарады. Бұлар көлік істен шыққанға дейін сақталады; 

Арменияға барып, көлікті тіркеуден шығарады;

Қазақстанға келіп, барлық мемлекеттік баж бен басқа да салықтарды төлейді. 

"Сол кезде ғана көлікті басқа адамға тіркеуге болады", - деп қосты Мұраталиев. 

Бұған дейін Алматыда Армениядан әкелінген көлікке алғашқы нөмір берілгені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр