Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Арманым шындыққа айналды": Микелла Абрамова "Голос. Дети" байқауына қатысты пікір білдірді

Микелла Абрамова "Голос. Дети" байқауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алсудың Қызы Микелла Абрамова бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жас әнші өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтып, ағынан жарылды. Абрамова жобаны ұйымдастырушыларға да ризашылығын жеткізген.

"Достар, мен үшін уайымдап, дауыс беріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға алғысымды айтқым келеді. Бір-бірімізден алыс болсақ та мен қолдауларыңызды сезіндім. Сонымен қатар, бірінші арнаның ұжымына, ұйымдастырушыларға, бізді бағыттаған тәлімгерлерімізге, жоба барысында бізбен жұмыс жасаған барлық адамдарға алғыс айтамын", - деп жазды Микелла Абрамова.

Микелла Абрамова арманының орындалғанын жасырмады. Оның айтуынша "Голос. Дети" байқауы жас әнші үшін тәжірибе алаңы болып, көп дос тауып, өзін шыңдай түсуге септігін тигізген.

"Менің сахнаға шығап, осы жобаға қатысамын деген арманым шындыққа айналды. Бұл менің өмірімдегі ең қызық, керемет, әсерлі айлар болды. Достар таптым. Жеңімпаздардың барлығын құттықтаймын. "Голос. Дети" байқауының алтыншы маусымының қатысушылары бәріміз үлкен күшпіз", - дейді Микелла Абрамова.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр