Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде "Арыстанбек Мұхамедиұлы өткізген той" қызу талқылануда

Қазнетте бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қызына сырға салу рәсімінен түсірілген кадрлар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Chinovnik_kz Telegram-арнасы мереке 11 сәуірде елордадағы "Дипломат" қонақ үйінде өткенін жазды. Мұхамедиұлының отбасындағы қуанышты атап өтуге 100-ге жуық адам келген.

"Қонақ үй қызметкерлеріне фото/видео түсіруге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Дегенмен тойда түсірілген суреттер желіде пайда болды. Тек фотода қонақтар емес, әртүрлі тағамдар көрінеді. Олардың арасында түрлі-түсті бешбармақ, пісірілген қойдың еті мен жеміс себеттері бар.

Әлеуметтік желі қолданушылар әсіресе тойдағы түрлі-түсті бешбармаққа қызықты.

Айта кетейік, жоғарыда аталған "Дипломат" қонақ үйінің 71%-ы Арыстанбек Мұхамедиұлының енесіне тиесілі.

Бұл туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы "Qasqa Jol / Қасқа жол" YouTube-каналында Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ, экс-министр жақында үлкен қызын ұзататынын мәлімдеді.

Талқылау