Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстан эвакуацияланғандарды Шымкентте қалай қарсы алды (видео)

Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі жарылыстан кейін бірқатар тұрғын Шымкент қаласына эвакуацияланды. Қала тұрғындары арыстықтарға жаппай көмек көрсетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Арыстан эвакуацияланғандарды Шымкентте қалай қарсы алды (видео)

Арыстан эвакуацияланған халықты Шымкент қаласының орталық мешіті қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта мұндағы адамдардың саны 500-ден асады. Сонымен қатар ата-анасынан адасып қалған балалар да осында жеткізілуде. 

Арыстан эвакуацияланғандарды Шымкентте қалай қарсы алды (видео)

Мешіт имамы Арыстан жеткізілгендердің мешіттің медресесі мен жатақханасына орналастырылғанын айтты.

Ал шымкенттік тұрғындар эвакуацияланғандарға -түлік, су алып келіп, қолдау көрсетіп жатыр. 

Арыстан эвакуацияланғандарды Шымкентте қалай қарсы алды (видео)

Желіде тараған видеода Шымкент жұртшылығының қалаға автобуспен жеткізілген Арыс тұрғындарын жылы қарсы алғаны көрінеді. Олар арыстықтарды автобустан түскен бетінде күтіп алып, су таратуда. 
 

Талқылау