Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Жеті ірі станцияда 20 жолаушылар пойызы тоқтатылды

Түркістан облысы Арыс қаласындағы болған төтенше оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ  «Шымкент – Арыс – Темір» және  «Сарыағаш – Арыс – Шымкент» жол торабындағы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін шаралар қолданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстағы жарылысСурет: Азаттық радиосы

Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі станцияда - Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылодада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8 121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады.   

Аталған барша вокзалда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда. Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1 500 жолаушы тасымалданды.  

Сондай-ақ,  Түркістан – Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттары бойынша жүретін 2 000 жолаушы автокөлікпен Түркістан пен Шымкент арасында тасымалданды.  

Және де Қызылорда – Сексеуіл  арасында  №42 Атырау – Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелді (5 купе, 7 пл, 1 СВ).   

Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды.  

Ұлттық тасымалдаушы  өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін министрдің неліктен Арыста ұялы байланыс болмағанын түсіндіргені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау