Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен балалардың бірі есін жиды

Арыстағы жарылыстан зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласына шұғыл түрде жеткізілген пациенттердің бірі есін жиды. Ал екінші баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл туралы қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Елорда маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендер өте ауыр жағдайда жатыр

28 маусымда Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен 2005 және 2011 жылғы екі бала санавиациямен елордадағы №2 ауруханаға жеткізілген. 

«Қазіргі уақытта 2005 жылғы пациент нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Сол жерде ем алып жатыр. 2011 жылғы бала жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Толықтай ем алуда», - дейді аурухананың бас дәрігері. 

Оның сөзінше, екі бала да бас сүйек-ми жарақатын алған. Ата-аналары жанында. 

«Біреуі есін жиды. 2011 жылғы бала жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр»,- дейді Досмайылов. 

Талқылау