Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Полицейдің үйіне түскен снаряд жылқының құйрығына оралып жарылмай қалған

Арыс полиция бөлімшесінің полицейі Бағлан Жарылқасымов жарылыс болған күнгі оқиғаны айтып берді. Ол үйіне түскен снарадтың жылқысының құйрығына оралып, жарылмай қалғанын айтты. 

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова парақшасында жазды. 

"Анам Зылихамен, ағамның отбасымен бірге үлкен отбасы бір үйде тұрамыз. Ағамның 5 баласы, менің 6 балам бар. Ең кенжем Алинұр 4 айлық. 24 маусым күні әдеттегідейі таңғы асты ішіп отырғанбыз. Бір кезде жарылыс даусын естідік. Үйіміз дірілдеп кетті. Анам мен балаларымызды алып, көшеге қаштық. Балаларымды ағама табыстап, өзім жұмысқа кеттім. Бұл уақытта демалысқа шыққан едім. Бірақ оған қарамастан жұмысқы шықтым. Үйге қайтып баратын уақыт болған жоқ. Отбасым Шымкенттен қайтқан күні бардым. Барған соң жарылмай қалған снаряд көрдім. Бір қызығы, ол менің жылқымның құйрығына оралып қалған. Не күлерімді, не жыларымды білмедім. Жылқым періштедей бізді қорғап қалған секілді", - деді Бағлан Жарылқасымов.

Полицейдің үйінің күл-талқаны шыққан. Шатыры түгілдей қопарылған. 

"Үйімізді қайта қалыпан келтіреді деп сенемін. Президент солай деді, мен оған сенемін", - дейді ол. 

Облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың сөзінше, Шөкеев бір айын Арыста өткізбек. Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талаптарына жауап берді

Талқылау