Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Министр неге ұялы байланыспен проблема болғанын түсіндірді

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында неліктен ұялы байланыста проблема туындағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Арыстағы жарылысСурет: Азаттық радиосы

"Арыс қаласында ұялы байланыстың болмауына келер болсақ, бұл электрге байланысты болды. Базалық станциялар электр қуатын беруде жаңылыс болған кезде аккумуляторларға ауыстырылды. Бірақ олар ұзақ жұмыс істеуге арналмаған. Осыған байланысты ұялы байланыс жұмысында кідірістер болды", - деп айтты Жұмағалиев үкімет кулуарында.

Ол қазір ұялы байланыс ішінара жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Мамандар қалаға кіргеннен кейін байланыс толығымен қалпына келтіріледі", - деп сендірді министр.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін өз баласын жоғалтса да, өзгенің баласын құтқарып қалған тұрғын туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, ІІМ министрі эвакуация кезінде жоғалған барлық баланың ата-анасымен қауышқанын хабарлады

Талқылау