Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Көз жұмған үшінші адамның кім екені белгілі болды

Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорда маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер әскери бөлім аумағындағы жарылыс салдарынан үшінші адамның көз жұмғанын мәлімдеді. 

Ал Қорғаныс министрлігі марқұмның әскери қызметкер екенін айтты.

«Қорғаныс министрлігі бүгін Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінің бірінде ТЖ кезінде алған жарақатының салдарынан келісімшарт бойынша қызметін өтеп жүрген әскери қызметкер, сержант Ахметовтың қайтыс болғанын қайғырып хабарлайды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады», - делінеді хабарламада.

ТЖК мәліметінше, 26 маусым таңғы сағат 6-дағы ахуал бойынша, төтенше жағдай орнындағы жарылыс салдарын жою бойынша жеке құрамдағы 1251 адам мен 188 техника жұмыс істеп жатыр. 

Арыс қаласының аумағындағы өрт сөндірушілер бір дәмхана ғимараты, 24 тұрғын үй, 10 шаруашылық құрылыс пен 17 табиғи өртті, яғни жалпы саны 52 өртті сөндірген. 

Қазіргі уақытта қала қоршауда. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Арыс қаласындағы жарылыстар салдарынан екі адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Талқылау