Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Эвакуация кезінде жоғалған балалардың бәрі ата-анасымен қауышты

Эвакуция кезінде жоғалған балалардың барлығы ата-анасымен қауышты. Бұл туралы үкімет отырысы кезінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Арыстан эвакуацияланғандарды Шымкентте қалай қарсы алды (видео)

«Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Туыстарында қалған балалар да көшірілді. Барлық ата-ана табылып, барлық бала ата-анасына тапсырылды. Қазіргі таңда шағымдар мен өтініштер жоқ», - деді Ішкі істер министрі Тұрғымбаев.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин де Арыста эвакуацияланған балалардың барлығы ата-анасымен қауышқанын айтты.

"Балалармен болған жағдайға келер болсақ, 25 маусым күні түнде Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен сөйлескен едім. Ол бөлімшелер, соның ішінде ІІМ әкімшілікпен бірге балалардың суреттерін сайттарға жарияланғанын айтты. Бір жасар соңғы үш бала түнде ата-анасына табысталды. 25 маусымда бізде бар ақпараттар мен өтініштер бойынша барлық бала табылды, барлық бала қазіргі таңда ата–анасымен бірге", - деді Ильин.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін өз баласын жоғалтса да, өзгенің баласын құтқарып қалған тұрғын туралы хабарлаған едік

Талқылау