Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыста өрт болып жатыр

Түркістан облысы Арыс қаласында өрт басталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Арыста өрт болып жатыр

Фото: facebook.com/saken.kalkamanov

Бұл туралы Facebook парақшасында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов жазды.

Оқиға орнына жабдықтардың сегіз бірлігі және төтенше жағдайлар бөлімінің 55 адамы тартылды.

Арыста өрт болып жатыр

«Арыс қаласында депо маңындағы қоймада өрт болды. ТЧЭ 32 цехі. Барлық қызметкер өрт сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Өрттің болжалды себебі - жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын дұрыс емес пайдалану. Тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырамыз. Жағдай бақылауда», - деп жазды Қалмақанов.

Талқылау