Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыста қаза тапқан екі адамның кім екені белгілі болды

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы жағдайдан қаза тапқан екі адам туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Арыстағы жарылыс

"Бүгінгі таңда екі адамның қаза болғанын растаймыз. Бірі - Арыс қаласының тұрғыны. Снаряд автомобильге түсіп, сол жерде жүрген адам жарақат алып, көз жұмды. Екінші қаза тапқан адам – ҚР қорғаныс министрлігінде келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметші. Оның денесі іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында әскери бөлімге жақын жерден табылды", - деді Ильин.

Оның айтуынша, әскери бөлім тұрақты орналасу жерінде орналасқан. Алғашқы жарылыс кезінде жеке құрамды жасыру, кейіннен әскери қызметшілерді де, олардың отбасы мүшелерін де эвакуациялау жүргізілді.

"Жеке құрам орнында болды. Екі адамның қаза тапқанын ресми мәлімдейміз. Бұл расталған факт. Одан әрі минасыздандыру кезінде ақпарат, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланады", - деді Ильин.

Естеріңізге сала кетсек, Арыстағы жарылыстан екі адамның ажал құшқаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, жарылыстан кейін қаланың қандай күйде екені белгілі болды

Талқылау