Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыста қараусыз қалған қыз баланың ата-анасы табылды

Арыс қаласына кіре беріс жерде қараусыз қалған қыз баланың ата-анасы табылды.

Арыста қараусыз қалған қыз баланың ата-анасы табылды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

"Жоғалған қыздың анасы табылды. Анасы оны Сарыағаштан іздеп келген. (Соғыс туралы жазып отырған секілдімін. Қорқынышты екен) Тағы бір отбасы қосылды. Біздің штабымыз күні бойы осы балаға қарады. Ол бізге полктің қызы секілді болды", - деп жазды Қалқаманов Facebook парақшасында. 

Айта кетейік, қыз баланы Арысқа кіре беріс жерден тапты. Бүлдіршінді Ордабасы ауданындағы Төреарық ауылына жеткізді. Ол жерде жоғалған балаларды мектепке орналастырған. 

Талқылау