Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арыс тұрғындарының қателіктерін қайталамаңыздар": Заңгер су тасқынынан зардап шеккендерге жүгінді

Қазақстандық заңгер Айгүл Орынбек Мақтаралдағы су басқан ауыл тұрғындарынат үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ең бірінші үйлеріңізге кірген соң, ұялы телефон камерасын қосып бәрін суретке, видеоға түсіріңіздер!

Ертең су тартылып, үйлеріңіздің шығынын есептеуге, әкімдік тарапынан құрылған комиссия келеді!

Сол кезде "адам және мал шығыны жоқ, әкімдікке қояр талабыз жоқ! "-деп бос қағазға қол қойып беріңіз деп келулері мүмкін! Бос қағазға қол қоймаңыздар, ертең өздеріне керек дүниелерді жазып алулары әбден мүмкін!

Ең бірінші келген комиссияның әңгімесін видеоға түсіріп алыңыздар!

Үйлеріңіздің кеткен жерлерін деффектілік актіні бірге толтырыңыздар!

Үйлеріңіздің қираған жерін толық жөндетіп алуларыңызға толық құқыларыңыз бар! Тіпті жөндеп бер деп талап қоя аласыздар! Деффектілік актінің бір данасы үй иелерінде қалу керек. Бірінші "бәрі орындалады қол қойып беріңіздер"- деп айтулары мүмкін! Үйдің жұмыстары келтірілген шығындар толық өтелмей, алдын ала ешқандай қағазға қол қоймаңыздар!

Қандай да бір құжатқа қол қоймас бұрын жақсылап оқып алыңыздар!

Арыс халқының қателігін жасамаңыздар! Арыстықтардың біразы алданды, сіздер де алданып қалмаңыздар!

Менің осы жазбамды Мақтаралдықтарға таратуларыңызды сұраймын! Сақ болыңыздар! Есептеріңіз түгел болсын!", - деп жазды ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр