Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс қаласындағы жарылыс: Ғимараттардың 80-90 пайызы зақымдалған

Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін қаладағы ғимараттардың 80-90 пайызға жуығы зақымдалған. Бұл туралы ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арыс

«Сағат 15:00-де саперлар 24 снаряд пен снарядтардың 104 қауіпті бөлшегін тапты. Оларды сол жерде жарады немесе басқа жерге жеткізіп, зиянсыздандырады. 7600 ғимарат бар. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттардың 80-90 пайызы түрлі деңгейде зақымдалған. Көбінің терезелері сынып, шатыры зақымдалған. Сондай-ақ кейбірі одан да қатты зақымдалған», - дейді Владимир Беккер. 

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды. 


Сынған терезелер мен көліктер: Арыс қаласының қазіргі көрінісі қандай

Талқылау