БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 млрд теңге қажет

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Арыс қаласын әскери бөлім аумағындағы жарылыстардан кейін қалпына келтіру үшін шамамен қанша қаржы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстағы жарылыс

Министрдің сөзінше, алдын ала есеп бойынша, 1 шілдедегі ахуалға сәйкес Арыс қаласына 34,5 млрд теңге қажет. Соның ішінде әр тұрғынға 100 мың теңгеден төлеу үшін 4,5 млрд теңге қарастырылған. 

«Осыған байланысты үкіметтің резервінен 2 млрд теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 млрд теңге, әлеуметтік көмек ретінде 1,5 млрд теңге қарастырылды», - дейді Смайылов.

Қаржы министрінің мәліметінше, қалада 7 709 тұрғын үй қалпына келтіруді қажет етеді. Олардың 49-ы қирап қалған. 

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Қаладағы жарылыс салдарынан 3 адам көз жұмды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр