Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арықтау еріккеннің ермегі": Айнұр Тұрсынбаев қыз-келіншектерге кеңес берді

Айнұр Тұрсынбаев қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі айтыскер ақын артық салмақтың әйел заты үшін қаншалықты ауыр екенін айтты. Салмақ қосу өзіңді өзгелерден кем сезінумен қатар, денсаулыққа да кері әсерін тигізетінін айтып берді ол. 

"Шындарыңызды айтыңыздаршы, семіздік ешкімге жараспайды ғой иә? Қалаған киіміңді кие алмайсың, суретке қалаған позада түсе алмайсың. Біреудің артына тығылып түсіп соның өзінде "Ойбай семіз боп тұрмын" деп өзіңе көңілің толмай тұратыны рас қой? Адамға салмақ қосылған сайын ауруы көбейеді", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаева артық самақтың денсаулыққа нақты қандай кері әсері барын тізбектеп берген. Алайда, ақынға көп адам арықтауды дұрыс емес деп айтатын көрінеді. Дегенмен, ол мұндай сөздерге алданбай, өзіңіздің десаулығыңызды қолыңызға алып, артық салмақтан арылыңыз деп кеңес берді. Сонымен қатар, ол артық салмақтың әйел адамның жасын ұлғайтатып, тез қартайтатынын айтып берген.

"Жүрек соғысы әлсіреп, қанты көбейіп, қимылы азайып, ұйықтағанда қорылдап, бас терісі майланып, шашы түсіп, аяқ-қолы жуандап, аяқтары ісіп, целлюлиті өршіп, қоғамның алдында өзіңді сүйкімсіз сезініп, мінезің ашуланшақ болып, тершеңдікпен алысып, ер азаматтың алдында өзіңді қораш сезініп, жасыңа жетпей ерте қартайып, тап-тамаша өмірді тыныш сүре алмай берекең қашып жүргеннің несі жақсы? Маған көп адам "Арықтау деген еріккеннің ермегі, сән қуу" деп қате пікір айтады. "Арғымақта арам ет болмайды" дейді қазақ! Сымбатты дене - әдемілік, денсаулықтың кепілі, өзіңді жеңіл сезіну. Артық салмақ - артық жас қосады!" - дейді Айнұр Тұсынбаева.

Талқылау