"Әрбір минут маңызды еді": Ақтауда жағажайда демалып жатқан дәрігер 6 жасар қызды құтқарды 

Ақтауда жағажайда демалушылар 6 жасар қыздың суға батып бара жатқанын байқап қалған. Сол жерде демалып жатқан дәрігер Болат Ишанғали оны құтқарды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Оқиға 27 маусымда кешкі сағат 20:00 шамасында «Достар» жағажайында орын алған.

Болат Ишанғалидің сөзінше, ол жұмыстан кейін отбасымен бірге жағажайда демалуға келіпті. 

«Сол кезде қызыммен бірге суға түсіп жүргенмін. Жұбайым шақырып, бізге жақын жерде баланың суға батып кеткенін айтты. Қызды жағаға шығарды. Оның қасына келгенімде, жүрегі ақырындап соғып тұрғаны білінді. Оны тірілтіп алу үшін қанша уақыт жұмсағанымды білмеймін. Шамамен 10 минут болуы керек. Қуанышымызға орай, оны құтқару мүмкін болды. Жағажайға келген жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті», - дейді Болат Ишанғали. 

Дәрігердің сөзінше, ол суға батқан баланы алғаш рет аман алып қалған екен.

«Әрине, бұған дейін адамдардың өмірін құтқардым. Алайда ол ауруханада болған еді. Және олар – ересек пациенттер. Мұнда айта кетерлігі, қыздың ата-анасын ұзақ іздеуге тура келді. Ауруханаға қызды дәрігерлер ғана алып кетті. Артынша оның жағдайын білу үшін, ауруханаға өзім бардым. Қазір жағдайы жақсы. Алайда оқиға басқаша аяқталуы мүмкін еді. Сондықтан мұндай жағдайда әрбір минут маңызды», - дейді дәрігер.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 6 жасар қыз ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. 

«Қыз бала облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілгеннен кейін, дәрігерлер оны жасанды тыныстандыру аппаратына қосты. Абырой болғанда, ол ертесі күні таңертең есін жиды. Қазіргі уақытта өзін жақсы сезінеді. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілі Азамат Сәрсенбаев. 

«Өзін батырмын деп санамайды»: Ер адам Арысқа 5 рет барып, тұрғындарды құтқарған (видео) >>>
Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі тағайындалды

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген

1 қазанға дейін салық төлемегендерге айыппұл салына ма? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 8 бала уланып ауруханаға түсті

Ата-аналар орталықтың дәретхана суы таза суға қосылып кетті деп айыптап жатыр

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып қайта сайланды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды
Çàãðóçêà...