Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әр үйдің бағасы 1 еуро: Италияда жүздеген үй сатылымға қойылды

Сицилияның оңтүстігіндегі Моссомели қаласында, жергiлiктi билік әрқайсысы бiр еуро тұратын жүзге жуық апатты үйдi сатуға шығарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен, болашақ үй иелеріне бір шарт қойылды. Олар сатып алған үйге бір жылдың ішінде шаршы метрге 95 евро кететін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті. Егер, олай болмаған жағдайда, үй иесі шамамен 7 мың еуро көлемінде кепілдік салымын жоғалтады.

Десе де, қалалық билік өкілдері жаңа үй иелеріне тіпті, сәулетшілер мен инженерлер тауып беруге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, болашақта тағы да 400-ден астам ұсыныс  болады деп күтілуде.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр