Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының жолаушысы апат кезін видеоға түсіріп алды (видео)

Буратияда апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының жолаушысы апат кезін видеоға түсіріп алды. Ұшақ жерге қонар сәтте қондырғысымен соқтығысқан.

Кадрдан ұшақтың қалыпты күйдегідей қонып келе жатқаны байқалады. Тек жерге қонған сәтте ұшақтың бір қозғалтқышы істемейіні аңғарылады. 

Осы себепті борт шұғыл түрде жылдамдықты азайта алмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ Нижнеангарсктан Ұлан-Үдеге ұшып шығып, бірақ көп ұзамай экипаж қайта оралды. Ұшақтың қозғалтқыштардың біреуі істен шықты. Ұшу кезінде ұшақ ұшып-қону жолынан шығып, ғимаратпен соқтығысып өртенді.

Жолаушылар эвакуацияланды, екі экипаж мүшесі қайтыс болды. 21 адам жарақат алды. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау