Әнші Жеңіс Ысқақова келін түсірді
Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова келін түсіріп, беташар жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында келіннің бетін ашып жатқан сәтінен видео жариялады. Жеңіс Ысқақованың үлкен ұлы Айбатыр Диана есімді арумен шаңырақ көтерді. Әнші үйіні ауласында беташар жасап, жаңа түскен келінінің бетін өзі ашты.
Жеңіс Ысқақованың абысыны көпшілікті келінмен таныстырды.
“Менің абысынымның келінімен танысып қойыңыздар. Келін түсірдік, енді эстафетаны Дианаға беремін. Сіздерге бір құпияны ашайын. Жеңіс Ысқақова – менің абысыным. Мен – бұл әулеттің ең кіші келінімін. Айбатыр – қайын ағам мен Жеңіс Ысқақованың ұлы. Диана – жаңа келін”, –деген Салтанат есімді келіншек суретте тұрған ер адамды күйеуінің туған ағасы деп таныстырды.

Еске салайық, Жеңіс Ысқақованың ұлы Айбатыр 2017 жылы Карина есімді бойжеткенге үйленді. Алайда әнші бір сұхбатында ұлы мен келінінің 2019 жылы ажырасып кеткенін айтқан болатын.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады