Әнші Нұржан Қалжан анасымен кіші қажылыққа аттанды
Отандық әнші Нұржан Қалжан анасымен Меккеде кіші қажылығын өтеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/nurzhan_halzhan
“Анасын Меккеге әкелу әр азаматтың арманығой. Менің сол арманым бүгін орындалды. Сіздерге де Меккеге ата-аналарыңызбен бірге келуді Алла нәсіп етсін. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Келу керек, көзбен көріп, жүрекпен сезіну керек. Аллаға шүкір. Алла дұға-тілектерімізді қабыл етсін”, – деп жазды өнер иесі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына Қағба алдында және анасымен бірге түскен суреттерін жариялады.

Талқылау
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты