Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ерлан Көкеев жалғызбасты анаға көмектесті

Ерлан Көкеев  "Қайырымдылық эстафетасына" қатысып, төрт баланы жалғыз өзі асырап отырған анаға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия Бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлназ Ахметова есімді қазақстандық әйел төрт баласымен бірге 50 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Жалғызбасты ананың тұңғышы 16 жастағы ұл бала, кішісі 4 жасар қыз. 

Ахметованың 15 жастағы баласы мүгедек жан. Әйел жұмыс істемейді, балаларымен бірге жәрдемақыға күн көреді. Кенжесі жұмыс істеп жүргенде қараусыз қалып, бір күні қайнаған суға қатты күйіп қалған екен. Қыздың денесінің елу пайызы күйіп қалып, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Осы жағдайдан кейін балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаған ана үйде отыруды жөн көрген.

"Жалғыз өзіміз тұрып жатырмыз. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Ол бізге ешқандай көмек көрсетпейді. Бала мүгедек болғаннан кейін бізді тастап кетті. Жәрдемақылар аламыз, бірақ оған баспананың ақысын төлейміз. Сонымен аз ақшаға күнімізді көріп отырамыз", —  дейді ол жағдайын сұраған әншіге.

Ерлан Көкеев жалғызбасты ананың үйіне құр қол келмей, тұрмысқа қажетті заттарды, азық-түлікті алып келді. Сондай-ақ, ол эстафетаны Димаш Құдайбергенге, Нұрлан Қоянбаевқа және Қайрат Нұртасқа жолдады.
 

Талқылау