Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасс Зарури Еуропа Лигасында үздік сұрмергендер көшін бастап тұр

Анасс Зарури

Фото:Ашық дереккөздер

Еуропа Лигасында алғашқы турда “Панатинаикос” клубының шабуылшысы Анасс Зарури турында үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. Осылайша Анасс Зарури турнирдің үздік сұрмергені атанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мароккалық футболшы кәсіби мансабындағы алғашқы хет-тригін “Янг Бойз” командасына қарсы сырт алаңда өткен матчта жасады. Ол алғашқы таймда екі гол соғып, үзілістен кейін үшінші голын тіркеді. Ойын 4:1 есебімен “Панатинаикос” пайдасына аяқталды.

Еуропа Лигасының 2025/26 маусымындағы үздік сұрмергендері:

3 Анасс Зарури ("Панатинаикос")
2 Керем Актюркоглу ("Фенербахче")
2 Дион Бельо ("Динамо" Загреб")
2 Виллиам Гомес ("Порту")
2 Усман Диао ("Митьюлланд")
2 Рафиу Дуросинми ("Виктория")
2 Игор Жезус ("Ноттингем Форест")
2 Борха Иглесиас ("Сельта")
2 Деян Любичич ("Динамо" Загреб)
2 Сайвар Магнуссон ("Бранн")
2 Джон Макгинн ("Астон Вилла")
2 Жоэл Монтейру ("Янг Бойз")
2 Кароль Свидерски ("Панатинаикос")
2 Милан Смит ("Иглз")

Сондай-ақ “Иглз” командасының шабуылшысы Милан Смит те екінші турда “Панатинаикосқа” қарсы матчта дубль жасап, Заруридің басты бәсекелестерінің біріне айналды. Ойын 2:1 есебімен “Иглз” пайдасына аяқталған еді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 16:10
Талқылау