Анасы жаңа туған сәбиін алты ай бойы шкафта ұстады: Қыздың жағдайы белгілі болды

Ресей Федерациясының шағын Карпинск қаласының тұрғыны алты ай бойы жаңа туған қызын шкафта ұстаған. Оны тапқан кезде қыз қатты әбіржіп кеткені көрініп тұрды.

37 жастағы Юлия есімді Карпинск қаласының тұрғыны жүктілік кезінде әйелдер консультациясында болмаған және дәрігерлерге жүгінбеген.

Ол босанған кезде бәріне баланың шетінеп кеткенін айтқан. Әйелдің таныстары мен туыстарының ешқайсысы оның өтірік айтқанын сезбеді.

Жаңа туған нәресте кездейсоқ, әйелге құрбылары келген кезде табылды. Әбден әбіржіген баланы көріп, олар бірден құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырған.

Бала әбден жүдеген, оны тіпті тамақтандырмаған. Полиция тергеп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратураның мәліметінше, сәуір айында әйел қызын дүниеге әкелді, бірақ балаға туу туралы куәлік пен полис рәсімдемеген. Әйелдің үйінде тексеру кезінде ведомство қызметкерлері балалар тағамы мен киімін таппады, кереует пен балалар гигиенасы құралдары да болмады. 

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баланы азаптау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау туралы іс қозғалды. 

Күдіктінің тағы екі баласы бар - 13 жасар ұл және үш жасар қыз. Олар әжесінің қамқорлығына берілді.

Дәрігерлер бастапқыда баланың жағдайы ауыр екенін айтты. Кейіннен Ресей Федерациясындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Анна Кузнецова, реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылғанын хабарлады. 

9 қазан күні кешке тікұшақ баланы Екатеринбург ауруханасына жеткізді, оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер үшінші дәрежелі дистрофия диагнозын қойды.

"Бүгін Екатеринбургтен жақсы жаңалықтар келді. Шкафта ұсталған алты айлық қыз реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылды", - деп жазды Кузнецова Facebook-те.

Кузнецова жақын арада балаға облыстық комиссар баратынын хабарлады.

"Қыздың денсаулығы мен өміріне қатысты шешілетін көптеген мәселелер бар. Бірақ қазір дәрігерлер, қамқорлық, көмек бар", - деп қорытындылады омбудсмен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр