Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы жаңа телефон алу үшін екі баласын сатып жіберген

Қытайдың Чжэцзян провинциясында жаңа туған балаларын асырап алушыға сатқан ана қамауға алынды.

Анасы жаңа телефон алу үшін екі баласын сатып жіберген

Мәміле 2018 жылдың қыркүйегінде болды. Әйелдің айтуынша, ол қарызы мен ақшасының жоқтығынан қылмысқа барған. Балалардың әкесі олардан бас тартып, қашып кетті. Ал некеден тыс босанғандықтан оның ата-анасы көмектескісі келмепті.

Әйелге егіздер үшін 65 мың юань (606 мың рубль) берген. Балалардың туған әкесі осыдан кейін ғана оралып, ақшамен бөлісуді талап етеді. Осылайша әйел өзінің қарыздарын төледі. Қалған ақшаға жаңа ұялы телефонға алып, несиесін төледі.

Полиция не болғанын жақында басқа бір істі тергеу кезінде анықтады. Сатылған балалардың анасы да, әкесі де қамауға алынды. Аньхой провинциясындағы ерлі-зайыптылардан егіздерді тауып, тәрбиелеу үшін қыздың ата-анасына тапсырды.

Талқылау