Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы миксердің кесірінен ұлының алдында көз жұмды

Францияның Сент-Этьен қаласының тұрғыны өзінің мойынорағышына буынып көз жұмды.

Анасы миксердің кесірінен ұлының алдында көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

10 қараша күні таңертең 58 жастағы  әйел 15 жастағы ұлымен бірге асүйде бәліш әзірлеп жүрген. Бұл кезде ол мойнына мойынорағыш орап алған екен. Әйел миксерді қосқан кезде, құрылғы мойынорағышты іліп әкетіпті.

Салдарынан әйел буынып қалып, тұншыға бастаған. Ал есі шыққан ұлы бірден жедел қызметтерді шақырыпты. Диспетчер жасөспірімге миксерді тоқтан суырып, мойынорағышты кесу керегін айтқан. 

Құтқарушылар, дәрігерлер мен полицейлер шұғыл түрде оқиға орнына жетті. Олар әйелді тірілтіп алуға тырысқанымен, бұл мүмкін болмады. 

Жасөспірім полицияға анасына не болғанын айтып берді. Алайда полиция әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін сараптама жасайтын болады.

Миксердің маркасы мен моделі хабарланбады. 

Талқылау