Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті: Дәрігерлер аман қалған бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Мәскеуде 9-қабаттан құлап кеткеннен кейін аман қалған 4 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды.

Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті: Дәрігерлер аман қалған бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LIFE басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын тұрақты қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Ол өздігінен тыныс алуда. 

Еске сала кетсек, 11 қарашада Мәскеуде ұл бала анасы және қарындасымен бірге көпқабаттың үйдің терезесінен құлап кеткен еді. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен. 

Салдарынан 36 жастағы әйел мен 9 айлық қыз оқиға орнында тіл тартпай кетті. Анасы оқиғадан бұрын жедел жәрдемге хабарласып, баласының өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Алайда пәтерге келген дәрігерлерге есік ашпапты. 

Қайғылы жағдай кезінде отағасы үйде болмаған. Әйелі мен қызының көз жұмғанын естігеннен кейін, ер адамға медициналық көмек керек болды.

Талқылау