Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 6 жасар ұлын көліктің тізгініне отырғызып, сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүргізді (видео)

Татарстан тұрғыны 6 жасар ұлын көліктің тізгініне отырғызып қойды. Артынша ол ұлының көлікті сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүргізшен видеосын желіде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анасы 6 жасар ұлын көліктің тізгініне отырғызып, сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүргізді (видео)

Видео кадрларынан баланың автокөлікті айдап келе жатқаны көрінеді. Бұл кезде спидометрдің тілі сағатына 130 шақырым шамасындағы белгіні көрсетіп тұр. 

«Говорит Москва» радиостанциясының мәліметінше, видеоны Челн жағалауларының Агина Алтынбаева есімді тұрғыны түсірген. Әйелдің сөзінше, ұлы көлікті алғаш рет тізгіндеп отырған жоқ.

«Ол 4 жасынан бастап көлік жүргізіп жүр. Қазір жасы алтыда. Мұнда тұрған жаман ештеңені көріп тұрғаным жоқ. Жол-патруль қызметінің қызметкерлері бірдеңе десе, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», - дейді Алтынбаева.

Баланың анасы желіде өзіне қатысты жазылған жағымсыз пікірлерге ашумен жауап берген. Алтынбаеваның сөзінше, оны жағдайды түсіндіру үшін құзырлы органдарға шақырмаған. 

Талқылау